Жамбыл облыстық «Арай» қоғамдық-саяси және танымдық жастар газеті 2005 жылдың 13 қазанынан бастап жарық көреді. Негізгі мақсаты Елбасының сара саясатын, жастар саясатын қолдау, ұлттық ой-сана үрдісін өрбітуге, еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуына үлес қосу. Жастар санасында ізгілік нәрін себу, жастар арасындағы проблемаларды шешуге атсалысу. Шығармашылықпен айналысатын жастарға қолдау көрсету. Қоғамның өзекті мәселелерін қозғап, шешімін табуға атсалысу.